A500 | |
![]() Adam Aircraft A500, Front Range әуежайы, Денвер, Колорадо, АҚШ | |
Түрі |
Жеңіл жолаушы ұшағы |
---|---|
Өндірушісі |
Adam Aircraft Indutries |
Алғашқы ұшуы |
2002 жылдың 11 шілдесі |
Статусы |
Шығарылуы аяқталған |
Өндірілген бірліктері |
7 |
![]() |
Adam A500 - американдық Adam Aircraft Indutries компаниясы шығарған 6 орынды азаматтық бизнес-ұшақ. Adam Aircraft компаниясы 2008 жылы ақпанда өзін банкрот деп жариялағанға дейін тек 7 ұшақты ғана өндірді.
2008 жылы сәуірде банкрот болған Adam Aircraft-ті AAI Acquisition компаниясы сатып алды. Жаңа компания өзінің басты мақсаты A700 ұшағының сертификаттауы екенін және поршеньді ұшақтар рыногының нашарлауына байланысты A500 ұшағының ендігі шығарылмайтынын жариялады. Алайда 2009 жылы сәуірде AAI бизнестен ешбір ұшақсыз шықты.
2009 жылдың маусымында жаңа сатып алушы - Triton America and Thomas Hsueh өзінің A500 ұшағының дизайнын сатып алып ұшақтың шығарылуын қайта жандандыруға қызығушылық танытқандығының белгілері байқалған.
2011 жылы сәуірде Triton Aerospace (Skagit Regional әуежайы, Берлингтон, Вашингтон штаты, АҚШ) өздерінің Adam компаниясын сатып алығандығын және A500 ұшағының өндірісін қайта жандандыратынын жариялады.