Apple Inc. | |
![]() | |
![]() Купертинодағы Apple Park | |
Түрі | |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Компанияның ұраны |
Think Different |
Құрылды |
1 сәуір 1976 |
Құрушы | |
Орналасуы | |
Басты адамдары | |
Саласы | |
Өнімі |
дербес компьютер, планшет, ұялы телефон, аудиоплеер |
Меншікті капиталы |
▼ 63,1 млрд $ (2021) |
Айналым |
▲ 366 млрд $ (2021) |
Операциялық кірісі |
▲ 109 млрд $ (2021) |
Таза табыс |
▲ 94,7 млрд $ (2021) |
Активтер |
▲ 351 млрд $ (25 қыркүйек 2021) |
Капитализация |
▲ 2,47 трлн $ (24 тамыз 2021) |
Қызметкерлер саны |
▲ 154 000 адам (2021) |
Аудитор | |
Сайты | |
Apple Inc. (ˌæp(ə)lˌɪŋk, қаз. Әпл) — дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар мен бағдарламалар өндіруші америкалық корпорация. Дербес компьютерлер жасау саласында пионер компания[2]. Бас штаб пәтері — Калифорния штатындағы Купертино қаласында орналасқан.
Компанияның ең танымал өнімдері компьютердің Macintosh желісі, iPod, iPhone және iPad. 2011 жылдың тамыз айында Apple компаниясы әлемдегі нарықтық капитализация бойынша ең қымбат компания болып танылған.
1976 жылы 1 сәуірде Калифорнияның Купертино қаласында негізі қаланған, 1977 жылдың 3 қаңтарында корпорация ретінде тіркелген. 30 жыл бойы компанияның атауы Apple Computer, Inc. болған, 2007 жылы 9 қаңтарда "Computer" сөзі алынып тасталады.