Associated Newspapers (Associated Newspapers Group Ltd. оқылуы: Ассошиэйтед Ньюспейперз) - лорд Ротермирдің тобы. [1]. Газет-баспа концерні. Жалпыұлттық "Дейли мейл", жексенбілік "Дейли он санди", апталық "Уикенд" газеттерін басып шығарады. Концерн құрамына: "Нортклиф ньюспейпери труп", "Ивнинг стандарт", Лондонның кешкілік "Стандарт" газетін шығарушы және бірнеше аймақтық газет- баспа компаниялары да кіреді. Солтүстік теңізде мұнай өндіруден ірі көлемде түсім алады және мейрамхана бизнесінде де салымы мол, әрі ірі көлемдегі жер иесі. 4 коммерциялық радиостанцияның акциясына ие.