Die Raketen - электрондық музыканың синти-поп бағытындағы шығармашылықпен айналысатын Алманияда құрылған музыкалық топ. Топ құрамы Микки ДуЧамп (Mickey DueChamp), Адель (бұрынғы кезде Sandokan деген атпен белгілі), Янни Гагариннен (Janni Gagarin) тұрады.
2006 жылы Die Raketen Алманияның федералдық музыкалық конкурсында өздерінің тұрғылықты жерін - Саксонияның намысын қорғады. Электрондық музыка сүйер қауымға Tokyo, Tokyo атты әнімен танымал.