IPod

iPod
Сату датасы

қазан 23, 2001 (2001-10-23)

Байланысты үлгілер

iPod — Apple Inc компаниясы дизайндап сатылымға шығаратын портативті медиа плеерлер және әр түрлі мақсаттағы қалта компьютерлер желісі. Бірінші желісі 2001 жылы 23 қазанда шығарылды, бұл 8½  iTunes (Macintosh нұсқасы) шығарылғаннан кейін іске асты. Ең соңғы iPod-тың қайта дайындалатыны туралы 2015 жылы 15 шілдеде жарияланды. Қазіргі уақытта iPod-тың үш түрі бар: ультра жинақы iPod Shuffle, жинақы iPod Nano және сенсорлы iPod Touch.

Басқа музыкалық плеерлер сияқты, iPod-тар сыртқы деректерді сақтау құрылғылары ретінде қызмет ете алады. Сақтау сыйымдылығы моделіне қарай 2 GB-тық iPod Shuffle-дан 128 GB-тық дейін iPod Touch (бұған дейін 160 GB-тық iPod Classic болған, ол енді тоқтатылды) өзгереді.


From Wikipedia, the free encyclopedia · View on Wikipedia

Developed by Nelliwinne