Natus Vincere (Na`Vi; лат. жеңу үшін туылғандар) — украиналық мультигеймингтік киберспорттық ұйым.
2010 жылы Counter-Strike 1.6 ойыны бойынша украиналық құрам алғаш рет бір жыл ішінде үш ірі турнир жеңіп алды — Intel Extreme Masters, Electronic Sports World Cup және World Cyber Games 2010.
2011 жылдың жазында Dota 2 командасының украиндық құрамы финалда қытайлық EHOME командасын жеңіп, бірінші орын үшін $1 000 000 ұтып, The International 2011 турнирінде үздік атанды.