Remote Desktop Protocol

RDP (ағылш. Remote Desktop Protocol — қашықтағы жұмыс үстелі протоколы) — Microsoft компаниясы жасап шығарған қолданбалы деңгейдегі протокол. Бұл протокол терминалдық қосылымдар сервисінің көмегімен, серверді және пайдаланушыны байланыстыруда қолданылады. Клиенттер барлық дерлік Windows нұсқаларында (Windows CE және Mobile жүйелерінде де), Linux, FreeBSD, MAC OS X жүйелерінде бар. Әдетте 3389 TCP порты қолданылады. Клиенттік бағдарламалық жабдықтың ресми атауы - Remote Desktop Connection немесе Terminal Services Client (TSC), мысалы, Windows 2k/XP/2003/Vista/2008/7 жүйелеріндегі клиент mstsc.exe деп аталады..

Ерекшеліктері:

  • 32-биттік түсті қолдау (алдыңғы нұсқалардағы 8-, 15-, 16-, және 24-биттік қолдауға қосымша)
  • 128-биттік шифрлеу. Шифрлеу үшін RC4 алгоритмі қолданылады (қауіпсіздіктің әдеттегі деңгейі; көне клиенттер әлсіздеу шифрлеуді қолдануы мүмкін). Бірақ, «man-in-the-middle vulnerability» осалдығына байланысты, 6.0 нұсқасынан көне нұсқаларда трафик орта жолдан оқылуы мүмкін.
  • Transport Layer Security қолдауы.
  • Қашықтағы ДК дыбысы локальды компьютерге жіберіліп, сонда ойнатыла алады.
  • Локальды ресурстарды қашықтағы машинаға қосуға мүмкіндік береді.
  • Қашқытағы ДК-де локальды немесе желілік принтерлерді қолдануға мүмкіндік береді.
  • Ағымдағы сеанс шегінде орындалып жатқан бағдарламаларға локальді тізбекті және параллель порттармен мәлімет алмасуға мүмкіндік береді.
  • Алмасу буферінің көмегімен ақпарат алмасуға болады.

Windows Server 2008 және Windows Vista жүйелерінде протоколдың жаңа нұсқасы - RDP 6 қолданылады.

RDP әдетте виртуальды консольдар құрмайтындықтан, оларға емес, тікелей 0 консоліне (негізгі консоль - тышқан/пернетақта) қосылу үшін, RDP-клиентті console параметрімен іске қосу керек.

  • Мысалы: mstsc /console
  • RDP 6 мысалы : mstsc /admin

From Wikipedia, the free encyclopedia · View on Wikipedia

Developed by Nelliwinne